14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Үйде етік, жемпір киіп отырмыз!

Төлем бар, жылу жоқ! Қызылордадағы тұтастай бір ықшам аудан тұрғындарының көгілдір отынға көңілдері толмай отыр. Күн суытқалы екі мыңнан астам отбасы өз баспаналарын жылыта алмай әлек. Комуналдық төлемақы да қымбаттағанын айтады. Ал, жауапты мекеме бұған тұрғындардың өздерін кінәләп отыр. Ықшам ауданның басқа да қандай проблемалы бар? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Саяхаттықтардың проблемасы қараша айынан бастау алыпты. Қазіргі таңда тұрғындар үйлерінде осылайша қабат-қабат киіммен отыруға мәжбүр. Себебі жылуды қанша көтергенімен қысым көтерілмейді. Осының салдарынан тұрғындардың үйі жылымайтын көрінеді. Ал, түнде тұрғындар мүлдем қосымша электр қондырғыларын қосуға мәжбүрміз деп налиды».

Сәуле Әкімжанова бұл үйге 3 жыл бұрын көшіп келіпті. Алғашқы жылдары еш қиындық болмағанын айтады. Пешті қосса бітті үйлері қайнап, тіптен балалары жалаңаяқ жүрген екен. Жағдай биыл 180 градусқа өзгеріпті.

СӘУЛЕ ӘКІМЖАНОВА, САЯХАТ ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
«Декабрьдің өзінде біз 3-пен отыратынбыз былтыр, ондай суық болған жоқ. Енді әлі қатты суық басталған жоқ біз уже 5-пен отырмыз. Үй деген әлі жылымайды. Мына балалардың отырғаны, етік киіп алады, үстеріне жемпір-курткаларын киіп алып отырамыз. Мынау үстіміз қомп-қомп киіп отырғанымыз».

— Мынау 5-ке қойдым, көбейттім. Әлі көтерілмей тұр, қысым 50-ден арттық көтерілмейді. Бұл түнде салқындайды ғой, ол кезде вообще тағы көтереміз. Ол кезде 6-ға қоямыз.

Ал бұл екінші үй. Бұл жерде де сол жағдай. Тұрғындар қысым болмағаннан кейін жылу мардымсыз дегенді айтады. Бұл түйткілдер ықшамауданда қосымша жылу құбырларын жүргізгеннен кейін пайда болыпты.

НҰРТАЙ БҮРКІТБАЕВ, САЯХАТ ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
«Газдың бірнарселерін әкеп қосты, дәу бір трубаларын қосты. Содан кейін азайып кетті давление. Көбейтіп қоямыз мынадай. 4-те тұрса қазір 6-ға қоямыз кешке жақын, түнде. Күндіз енді білінбейді. Түнде көбейтіп қойып қарап отырамыз. Үйде немерелер бар, балалар бар».

Қызылорда қаласын табиғи газбен қамту жұмыстарын жүргізетін  мекеме «қыстық жылыту маусымына сәйкес көгілдір отынның қысымы бір қалыпты беріліп отыр» дегенді айтады.

БАЗАРБЕК ЕРІМБЕТОВ, ГАЗ ТАРАТУШЫ КОМПАНИЯ ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
«Үйлердің жылымауына байланысты айта кететініміз, қазіргі таңда жеке тұрғын үйлер, пәтерлердің салыну кезінде құрылыс жүргізу кезіндегі сол кездегі қателіктер деп біз есептейміз. Былайынша газдың қысымы жоғары болып, газ пештері толық жанып тұрғанымен үйді жылытпауы өйткені үйдің теплоизоляция дейміз ғой сол жағы төмендеп кеткенін көрсетіп тұр бұл жерде».

Газ таратушы мекеменің Саяхат ықшам ауданында үйлер сапасыз салынған деген уәжіне тұрғындар мүлдем келіспейді. Егер расында құрылысымыз нашар болса жылудан баспана көтергенен бастап-ақ қиындыққа тап болуымыз керек еді ғой дейді қала тұрғындары. Ал, барлық проблема тек биыл басталыпты. Бұл жердегі тағы бір өзекті мәселе ол — мектеп тапшылығы. Тұрғындар балаларын қаланың екінші бөлігіндегі білім ордаларына тасып әлек. Дегенмен қалалық білім бөлімі жаңа мектептің құрылысы жүріп жатқанын айтады.

ДИНАРА БАЙМҰРЗАЕВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
«Қазіргі уақытта Айдосов және Мұстафа Шоқайдың қиылысынан 300 орындық жеке инвестор есебінен мектеп салынуда. Біз өзіміз оны бақылап та жүрміз. Бірінші этажын өріп жатыр екен, келесі жылы енді пайдалауға беріледі деп жоспарлап отырмыз».

Осылайша газға жауаптылар сапасыз құрылыстан жылу мардымсыз десе, білім басшылары 300 орындық мектеп салып жатырмыз деп мақтануда. Онда да инвестор тарапынан. Тұрғындар бұл құрылыстың шет жақтан, өндірістік базаның манынан салынып жатқанын айтады. Ауыр жүк көліктері жүретінін сөз еткен олар балаларын бұл аймақтағы мектепке болашақта бергілері жоқ.

X