ҮЙІ ӨРТЕНГЕН АЛТЫ БАЛАЛЫ ОТБАСЫ ДАЛАДА ҚАЛДЫ
2 марта 2021
Алматы облысында жеке тұрғын үй өртеніп алты баласы бар отбасы далада қалды. Оқиғаның болғанына бір апта өтсе де паналайтын орын таппай әлек. Өз кезегінде әкімдіктегілер барлығын қатырамыз деп уәде берген екен. Алайда, туыстарының үйін жағалап жүргендер шыдамымыз таусылып барады деп күйінуде. Оқиғаның қалай болғанын тілшіміз баяндасын.