Үйінде босанған 19 жастағы бойжеткен нәрестесін пакетке салып, ауладағы дәретханаға тастай салған. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Үсік шалған шақалақ сол жерде шетінеп кетіпті. Ал көкек ана қазір ауруханада. Онымен психологтар жұмыс істеп жатыр. Адам шошырлық оқиға Батыс Қазақстан облысындағы Қазталов ауданына қарасты Жаңажол ауылында тіркелді. Елді-мекен тұрғындарының айтуынша, безбүйрек ана колледж студенті екен. Қарапайым, көпбалалы отбасында тәрбиеленген. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
МӨЛДІР САДЫРҒАЛИЕВА, ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:
«Аталмыш жайт бойынша қазіргі таңда ҚК 100 бабы яғни анасының жаңа туылған нәрестені өлтіруі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде».