18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Қырғыз-Тәжік қарулы қақтығысынан қаза тапқандар бар

Қырғыз ағайындардан тағы да маза кетті. Бұл жолы Тәжікстанмен шекарасында екі ел азаматтарының арасында жанжал болып, соңы қарулы қақтығысқа ұласты. Көрші елдің денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметіне сәйкес, оқиғадан 131 азамат жарақат алып, 13 бейбіт тұрғын көз жұмған. Оның арасында 12 жастағы қыз да бар. Ал, ресми Душанбе 90 тәжік азаматы ауыр жараланып, 10 адам құрбан болғаны жайлы ақпарат таратуда. Көрші ел президенті Садыр Жапаров жағдайды ушықтармау үшін ведомство басшыларымен бірге шұғыл жиын өткізді. Екі мемлекеттің сыртқы істер министрлері келіссөз жүргізіп, қырғи-қабақ соғыстың тоқтатылатынын мәлімдеген. Бірақ, Тәжікстанның Баткен облысымен шекаралас аймағында қақтығыс әлі де басылар емес. Ал, бүгін Бішкек көшелерінде наразылыққа шыққан қырғыздар кінәлілер жазалансын деген талап қойды. Аталған оқиғаға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та алаңдаушылық білдіріп, мәлімдеме жасады.

X