Көрші қырғыз елінде жағдай әлі де тұрақтанар емес. Жаппай дүмпудің алтыншы күні дегенде жан-жаққа шашылып кеткен депутаттардың әупірімдеп жүріп басын қосқан парламент, су жаңа премьерді тағайындады. Көпшіліктің дауысымен бұрын адам ұрлығы бойынша сотты болған Садыр Жапаров билікке келді. Ал, бар жоғы алты күн ғана бостандықта жүрген бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев қайта түрмеге қамалды. Оған қылмыстық кодекстің бірнеше баптары бойынша айып тағылып жатыр.
Қырғызстан: Атамбаев қайта түрмеге қамалды
Дата: 12.10.2020