ҚЫЗДЫҢ ДЕНЕСІН БӨЛШЕКТЕП, ҚАЛАНЫҢ ӘР ТҮКПІРІНДЕГІ ҚОҚЫСҚА ТАСТАҒАН
26 марта 2021
19 жастағы Аяжанды өлтірген қылмыскер оның денесін бір тәулік бойы асықпай боршалаған. Әр тісін қағып алып, тырнақтарын біртіндеп кескен. Одан кейін басын бөлек қайнатып, құйқасын сылып тастаған. Тек бассүйегі қалған. Марқұм бойжеткеннің немере інісі жантүршігерлік қылмыстың жай-жапсарын ашып айтты. Оның сөзінше, полиция біраз нәрсені білмейді, я жариялағысы келмейді. Тіпті ДНҚ сараптамасыз оның Аяжан екеніне көз жеткізу де мүмкін емес екен. Өйткені ол жерде бір емес, бірнеше адамның дене мүшелері жатқан дейді. Мәселенің ақ-қарасын айырыуға біздің тілшіміз аттанды, бірге көрейік.