«ҚЫЗЫЛ АЙМАҚТАҒЫ» АЛМАТЫДА ТЫҒЫЛЫП ТОЙ ӨТКІЗІП ЖАТЫР
5 апреля 2021
Алматы елдегі вирустың таралуы бойынша антикөшті бастап тұрғанына бір аптаның жүзі болды. Бірақ, соған қарамастан шаһарда тығылып той өткізу деректері тыйылмай тұр. Тәртіп бұзғандардың арасында, елдің аузында, көптің назарында жүргендер де бар. Әрине, бұл хабарды жар салып, сүйінші сұрағандай болмайық, дегенмен жағдай былай жалғаса берсе, қатаң карантиннің ауылы да алыс болмасы анық.