3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Қызылордада тұз өндірушілер жұмысқа шықпай қойды

Елімізде ас тұзы қымбаттауы мүмкін! Оны өндіретін Аралдағы жалғыз зауыт екі күннен бері жұмыс істемей тұр. Мыңнан аса адам жұмысқа шығудан бас тартып отыр. 2014 жылдан бері айлықтарына көк тиын да қосылмағандар әбден қиналып кеттік дейді. Айлықтары шайлықтарына жетпейтіндер бірнеше мәрте зауыт басшылығына базыналарын айтыпты, алайда жанайқайларына ешкім құлақ аспапты. Жылына 450 мың тоннаға жуық тұз өндіріп, оның 75 пайызын Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Украинаға экспорттайтын зауыттағы ахуал жайлы тілші сюжетінде.

X