Қызылордадағы «қаңтар қасіреті» кезінен тың видеолар жарияланды
8 февраля 2022
Қызылордадағы «Қаңтар қасіреті» кезінен тың видеолар жарияланды. Мұнда бейбіт шерудің арты қалай дүрбелеңге ұласып кеткендігі көрсетілген. Бастапқыда, яғни, 4 қаңтар күні Сыр елінің халқы Жаңаөзендіктерді қолдап, алаңға шыққан болатын. Облыс әкімі халықты бірлікке шақыруға тырысады, алайда жиналған қауым тыңдамаған. Артынша, 5 қаңтар күні қалада дүрбелең басталған. Бүлікшілер орталыққа жиналып, қаладағы жолды жапқан. Сол кезде бір топ адам күштік құрылымға қарсылық танытып, арты қақтығысқа ұласқан. Ұлттық Ұлан сапында борышын өтеп жүрген сарбаз Мадияр Қайсаров әскери техниканың астында қалып қойып, көз жұмады. Айналасы бір жарым сағаттың ішінде облыс орталығының астаң-кестеңі шыққан. Артынша, жаппай тәртіпсіздікке қатысқан бүлікшілер 9 мемлекеттік стратегиялық нысандарға шабуыл жасап, зиян келтірген. Шамамен шығын көлемі 871 миллион теңгені құрап отыр.