Сексендегі қарияны әбден сенделтті. Қапан ата Нағашыбаевтың қызылордалық дәрігерлерге өкпесі қара қазандай. Ковидке сынама тапсырам деп, көп итке таландым дейді ақсақал. Тест нәтижесі оң болды деп, дәрігерлер ары-бері құр таси беріпті. Әуелі стационарға апарып 4 күн қамап тастаған. Ол жерде не дәрі, не дәрігер көрмеген қария үйіне әрең жеткенде, тағы әкетіп, қайта қараусыз қалдырған. Содан бері ақсақал далада жатыр. Өйткені үйде кішкентайлар бар, ем алмағасын, соларға жұқтырам ба деп қорқады. Халаты ақ болса да, көңілі қара кім болды екен? Тілшіміз түгелін тік тұрғызды.
Қызылордалық дәрігерлер сексендегі қарияны емдемей, сенделтті
Дата: 17.07.2020