«Заңнан да, құдайдан да қорықпаған» жемқорлар
29 января 2021
Жең ұшынан жалғасқан жемқорлық. Коронавирус қыспаққа алғанда қысқа мерзімде модульдік ауруханалар салғанымыз естеріңізде шығар. 15 күннің ішінде жылдам бітіргенімізге қуанып жүрсек, жауаптылар бөлінген ақшаны жылдам жеп жатқан екен ғой сол кезде. Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік басшысы біраз былықтың бетін ашты. «СК-Фармация» компаниясы экс-басшысының іс-әрекеті дәрігерлердің ауру жұқтыруына себеп болған деп қойып қалды. Ал, елдегі екі министрлік пен бір комитет экономикалық қылмысқа қарсы күресте тым баяу және сараптама жүргізуге қарсылық танытып келеді екен. Сондықтан агенттік басшылығы осы ведомстволар жайын Мемлекет басшысына жеткізбек.







