Зардап шеккен кәсіпкерлердің несиесі шегеріле ме?

Елімізде болған жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен кәсіпкерлердің несиені өтеу мерзімі үш айға шегерілуі мүмкін. Мәжілісте банк алдында берешегі барлардың базынасын көтерген депутаттар, қиын жағдайға тап болған жеке және заңды тұлғалардың кредитін жабатын уақытты 90 күнге кейінге қалдыруды ұсынды. Депутат Ерлік Өмірғалидің сөзінше, қазір шағын түгілі, ірі бизнестің өзі банкроттықтың алдында тұр. «Әлбетте, төтенше жағдай кезінде, банкттер несиені төлеу мерзімін кейінге қалдырған еді, бірақ бүгінде қалыпты өмірге қайта оралып жатырмыз. Шығынның көптігіне байланысты, бизнес әлі ес жиып үлгерген жоқ. Сол үшін кәсіпкерлерге тиісті қолдауымызды ары қарай да жалғастыруымыз керек» дейді депутат.

X