Өзен ластанды
4 марта 2022
Жүргізуші: Алматының білдей бір шағын аудананың қалдық сулары Тереңқара өзенін ластауда. Атап айтқанда асхана, монша, көлік жуатын орындар мен тұрғын үйлерден шығатын жуынды көшедегі арық арқылы өзен арнасына құйылуда. Тереңқара өзені Алматы облысындағы демалыс орнының маңындағы көлге құйылуда. Ең сорақысы заңда мұндай бассыздыққа жол бергендерді жауапқа тартатын бап жоқ екен. Ал мәселені шешуге Алатау ауданының әкімшілігі асықпайды дейді экологтар. Тақырыпты тілшіміз толықтырады.