ӨЗЕН ЖЕКЕНІҢ ҚОЛЫНА ӨТІП, БАЛЫҚТАР ҚЫРЫЛДЫ

Өзен жекенің қолына өткелі, өңірде өлген балықтар көбейді. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданындағы Шар қаласының тұрғындары дабыл қағып жатыр. Жағалаудан 800 метрдей жерде жалпы салмағы 450 келіге тартатын өлі балықтар табылыпты. Жергілікті жұрттың айтуынша, өзендегі су деңгейі айтарлықтай төмендеп, орталық бөліктерінде су тереңдігі 80 сантиметрге әрең жетеді. Болжам бойынша, балықтың қырылуына су қоймасындағы таяз жерлердің қатуы себеп болуы мүмкін.

X