11:55 Тікелей эфир Многосерийный фильм «СОБЛАЗН»
14:00 Эфирде әрі қарай «НОВОСТИ»

Өзенге көлігімен батқан жүргізушіні құтқарды

Талдықорғанда 25 жастағы жігіт Қаратал өзеніне автокөлігімен ағып кеткен жүргізушіні құтқарып қалды. Қызылтас саяжайындағы аспалы көпір маңында рөлге ие бола алмай қалған жүргізуші көлігімен өзенге түсіп кетеді. Судың ағысымен төмен қарай құлдилаған темір тұлпар 100 метрдей ағып барып, әрең тоқтаған. Жүргізуші машинадан шығып, жағаға қарай малтамақ болған екен. Алайда, күші жетпей, бата бастайды. Сол сәтте, көмекке ұмтылған Ержан Баяхметов еш ойланбастан, бірден суға секірген.

X