9:25 Тікелей эфир «ПРОУЮТ»
10:25 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»

Зейнетқордағы ақшаға өтінім бергендер қаражаттың кешіктірілгеніне алаңдаулы

Зейнетақы шотынан ақша шешуге өтініш бергендер түрлі кедергіге тап болуда. Салымшылардың басым бөлігі қаражаттарының аударымы кешіккеніне алаңдаулы. Жауапты мамандар бүгін жаңа жүйенің алғашқы нәтижелерімен бөліскен екен. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Зейнетақы қорындағы қаражатқа қатысты түйткілдер туындағаны рас. Өтінім берген азаматтардың дені өтініштерінің ұзақ уақыт қаралып жатқанын айтуда.

Одан бөлек, зейнетақы қорындағы қаражатпен ипотеканы жапқан күннің өзінде, неліктен 5 жыл бойы ол пәтерді сата алмаймыз деп наразылық білдіруде. Сондай-ақ, отандастарымыздың өтініміне «Сома тиісті мөлшерден асып кетті» деген жауап келген. Мамандардың айтуынша, мұндай ақау соманы көрсеткенде қателесіп кеткендіктен болады, дейді.

ЛӘЗЗАТ ИБРАГИМОВА, «ОТБАСЫ БАНКІ» АҚ ТӨРАҒАСЫ:
«Бірінші күні бірнеше өтінім берген азаматтар бар. Олар алдымен өтінімді жіберіп алып, кейін соңына дейін жібермедім деп ойлап, тағы бір немесе бірнеше рет өтініш жолдаған. Ал ол өтініштердің барлығы жойыла берген. Біз қазіргі уақытта біз бұл процесті қарап, зерттеп жатырмыз. Бірінші рет өтінім берілгеннен кейін екінші өтінім беруге болмайды».

Бір қызығы тіпті мүлде жинағы жоқ адамдардан да өтінім келіп түскен екен. Олардың саны 2 мыңға жуық. Ал жалпы қордағы ақшаны алуға ниеттілер саны 80 мыңнан асып түседі. Бүгінге дейін зейнетақы қоры жалпы құны 212,6 млрд теңгені құрайтын өтінімді мақұлдаған.

ЛӘЗЗАТ ИБРАГИМОВА, «ОТБАСЫ БАНКІ» АҚ ТӨРАҒАСЫ:
«80 мыңнан астам өтініштің 50 519-ы жеке кабинетіне кірсе, онда өтінішінің қарауға қабылдағаны туралы жаңалықты көре алады. Қарау мерзімі 3-тен 5 күнге дейін созылады. 50 мың салымшы іс жүзінде бірінші кезеңнен өтті. Олардың өтініші арнайы шотқа ақша аудару сатысында тұр. Оның 8 мыңы — кеше сағат 16:00-ге дейін өздерінің арнайы шоттарындағы ақшаны көрді».

Мамандар атап көрсеткен тағы бір ақпарат. Өтініш бергендердің 21 пайызында, яғни әрбір бесінші азаматтың шотындағы қаражат 15 миллионнан көп. Олардың барлығы дерлік баспана алуға өтініш берген. Ел азаматтарын толғандырған тағы бір сұрақ, несие тарихының нашар болуы қордағы ақшаны алуға әсер ете ме деген сауал. Мамандар несие тарихы мен қордағы қаражат бір-біріне байланысты емес. Яғни ешқандай да әсер етпейді дейді.

Ал қазақстандықтар зейнетақының бір бөлігін шипажайдағы емге пайдалана ала ма? Бұл мәселе қатысты нақты шешім белгілі болмапты. Әлі де қаралу сатысында деп жауап берді мамандар.

X