10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Зейнетқордан ақша алу жөніндегі заң қабылданды

Мәжіліс депутаттары зейнетақы қорынан ішінара ақша алуға мүмкіндік беретін Заңды  қайта  қабылдады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.  Елдің қызығушылығын тудырып отырған норма  «Халықтың  әлеуметтік  тұрмысын жақсарту туралы»   Заңның бір бабы болатын. Дүйсенбі күні ғана құжатты тұтастай кері қайтарып жіберген сенаторлар оған бес бірдей өзгеріс енгізу керек деп шешкен-ді.  Енді міне жоғары палата депутаттары нұсқаған өзгерістерді ескерген мәжілісмендер оны қайта  мақұлдады.

СӘКЕН ӨТЕБАЕВ  ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
«Сенат енгізген түзетулер нақтылау сипатына ие және Мәжіліс мақұлдаған заң жобасының тұжырымдамасы мен мазмұнын өзгертпейді. Сондықтан Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Сенат енгізген толықтыруларға келісім білдіруді ұсынады».

X