Зейнетақы қорынан ақша шешу фантастикаға айналатын сынды
3 декабря 2021
«Жылдар бойы жиған-тергеніңді пәтер алуға, ем-домға жұмса» деп Президент пәрмен бергенде, бір жасап қалғанымызды несіне жасырайық. Дауымыз жоқ. Арамызда бұл мүмкіндіктің шарапатын көргендер де бар. Десе де жұманың таңындағы жаңалық дүйім жұртты дүрбелеңге салып қойды. Оған сенсек, бейнеттің зейнетін бұрынырақ көру фантастикаға айналатын сынды. Өйткені «келесі жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) ақшаны алудың жеткіліктілік шегі екі еседей ұлғаяды» деген ақпарат шықты. Толығырақ тілшіміздің келесі материалынан қаныға аласыздар.