Зейнетақы жүйесі тағы реформаланбақ
27 января 2021
Қырық жылдан кейін зейнетке шығатындар қоңыз теріп кетпей ме? Қазіргі заңға сәйкес, олар болашақта тек өздерінің салымдарынан ғана зейнетақы ала алады. Бұл жарналардың тым мардымсыз екенін, әрі жыл сайынғы инфляцияға жем болып жатқанын ескерсек, болашақ зейнеткерлердің жағдайы шынымен де қиын болатын түрі бар. Осыны алдын-ала ескерген Еңбек министрлігі «Зейнетақы туралы» заңға бірқатар өзгерістер дайындапты. Маңызды құжатқа қандай жаңалық енбекші, ол болашақ зейнеткерлердің мүддесін қалай қорғайды?