6:00 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
8:20 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Зейнетақы жинақтарын алуға 20 мыңнан астам қазақстандық өтініш берді

Сең орнынан қозғалды. «Отбасы банкіне» зейнетақы қорындағы ақшаны алу үшін 20 мыңнан астам қазақстандықтан өтініш келіп түскен. Ал қазірдің өзінде жылдар бойы жинаған қаржысының бір бөлігін алғысы келетін 70 мыңға жуық салымшы арнайы шот ашып үлгеріпті. «Отбасы банкінің» мәліметінше, азаматтардың дені біржолғы зейнетақы төлемін ипотекалық қарыздарын өтеу үшін пайдаланғысы келетінін айтып, өтініш берген. Сондай-ақ ипотекасыз үй сатып алу, өзінің жақын туысы немесе жұбайына табыстау үшін де жинақтан қаржы алғысы келтіндердің қарасы көп.

X