Өзге емес, өзіміздікі болады
25 октября 2021
Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында қоғамды алаңдатқан мәселені министр Мусин депутаттарға жіліктеп тұрып түсіндірді. «Ресейлік платформаға көшуді саясиландырудың қажеті жоқ». Бағдат Мусин әр қазақстандықтың жеке ақпаратын Сбер жүйесіне орналастыру тиімді болғандықтан ғана қарастырылып жатқанын мәлімдеді. Егер халық орыстікіне қарсы болса, Қазақстанның цифрлық үкіметін құрып беруге Қытай да қызығып отыр. Сондай-ақ, +7 деп басталатын нөмірге киелі сан ретінде емес, мемлекеттік телефон коды ретінде қарауға шақырды. Мусин мырзаның Мәжіліс депутаттары алдындағы монологын Берік Байғара тыңдап қайтты.