6:00 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
8:20 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Өзге ұлттан 10 бала асырап алған отбасы

Жетімін жылатпаған қазақ халқы қазіргі уақытта да осы қағиданы берік ұстанып келеді. Мәселен, Жамбыл облысының Құлан ауылында тұратын Исаевтар отбасы ата-анасының қамқорынсыз қалған 6 баланы қанаттарының астына алған. Бір ерекшелігі, жаңа отбасын тапқан жеткіншектердің барлығы өзге ұлт өкілдері. Өздерінің 4 ұл-қызымен қоса қазір бұл шаңырақта 10 бала тәрбиеленіп келеді. Тілі мен түрі басқа болғанымен, өзара татулықта бақытты күн кешудің формуласын тапқан ерекше әулет жайлы тілші әңгімелейді. Бұл отбасында жеткіншектер 23 жасына дейін тәрбиеленеді. «Бұйырса, ұлдарды ұяға, қыздарды қияға қондырамыз» дейді әулеттің үлкендері. Ал Ботагөз болса «қазір баламыз көп, болашақта немерелереміз де бір бала-бақшаны түгелдей толтыратын шығар» деп армандап отыр.

X