Күлдіремін деп, бүлдіріп жүрген жоқ па? Қазір әлеуметтік желіде өзгені келеке ету арқылы контент жасағандар жетеді. Дегенмен, әуелде құр қалжың ретінде видео түсірген қыз-жігіттердің кейде тым шектен шығып жатқанын көруге болады. Тіпті, көп жағдайда әзілдері жараспай, ойынның соңы ұрыс пен төбелеске ұласып жатады. Сонда пранк түсіргендердің мақсаты не? Орынсыз әзілімен көптің ашуына тигендер кім? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
«Че? Привет у нас сегодня новый пранк! И он будет очень, очень жетским»
«Артыңа қара. Сен үшін пранк түсіруге келдік. Не ол пранк екенін білесің бе? Пранк ол…»
Пранк немесе Сіз алдандыңыз! Өзгені келеке етіп, контент жасағандар, трендтен түспейді. Әзілің жарасса, несі бар дерсіз? Тек күлдіремін деп, бүлдіріп жатқан қыз-жігіттер көбейіп барады.
«Я вообще мимо прохожу. Товар деньги готовы. Қандай товар? Я вообще мимо прохожу.»
Бұл тек бер жағы ғой. Ойыннан от шыққан кездер де жоқ емес. Кей әзілдің соңы ұрысқа ұласып, керек десеңіз төбелеспен бітіп жатады.
«Ей сен братанға олай сөйлеме а так. Е братан. Жүрсей ана жаққа. Немене қатайып отырсыңдар?..»
Тіпті, әзілдеймін деп, әкімшілік жауапкершілік арқалағандар да бар. Мәселен, күні кеше алматылық екі азамат жол бойында шахмат ойнаймыз деп, трендтен емес, түрмеден бір-ақ шықты. Жергілікті полиция департаментінің мәліметінше, пранкер жігіттерге айыппұл салынды.
Алматының метросын шулатқан мына жастар да 15 тәулікке қамауға алынған еді. Ал жалпы пранктың негізі батыста қаланған екен. Біздікі сол баяғы еліктеу. Қазір тіпті туған ата-анасын алдап, жақындарының төбесіне жай түсіріп жүргендері де бар. «Жігітім алып қашады» деп анасын, «жүктімін» деп әкесін шошытып әлек.
«Кім мынау? Маған емес деймін мама. Телефоның бер маған қазір сөйлесемін. Не мынау сырға салу дейді. Көтің аман ба әйтеуір? Аман-аман құрсын»
«Жанара деген кім? Аяғым ауыр дейді. кім мынау? Сен мамаңның жүрегін ауыртасың ғой.»
«Шақыршы Мақсатты. Мақсат! Осындай трендттер болып жатыр мам. Ойын ол. Ух. Жаным-ай.»
Алайда, аға-буын өкілдері желіде белең алған бұл тенденцияның соңы жақсылыққа апармайды деп топшылап отыр.
АЙША ҚҰРМАНҒАЛИҚЫЗЫ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:
«Парақшаларына жазушылардың санын көбейту,, арналарында көрермендерінң санын көбейту. Атың шықөпаса жер өртенің керісі. Әйтпесе өз шаруасымен келе жатқан адамды қорқытып, сіздің жасырын камера түсіріп тұр деп күлдірту өрескелдік деп ойлаймын».
Қызығы, мұндай контент түсіріп жүрген қыз-жігіттердің өзі бұл әрекеттерін құптамайды екен. Алайда, халыққа өтімді болған соң, аудитория үшін контент жасауды жалғастырып жүрміз дейді.