10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Жүлделі болдыңыз: желідегі алаяқтардан абай болыңыз!

Желіде әлдекімдер жүлделі болғаныңызды жазып, сүйінші сұраса, мұндай жандардан аулақ болыңыз! Өйткені оңай олжаға кенелемін деп, оңбай алдануыңыз мүмкін. Бұл интернет алаяқтарының кезекті айласы. Биылдың өзінде жалған сыйлық үшін жеке ақпаратын ойланбастан жариялаған мыңға жуық отандасымыз арам пиғылды адамдардың арбауына түсіпті. Ішкі Істер министрілігінің мәліметінше, ағымдағы жылдың тоғыз айында осы сарындағы 8 мың қылмыс тіркелген екен. Соның 1700-і ғана ашылыпты.

X