Жұмысын істетіп, ақшасын бермей зар илетті

17 миллион теңге. Ақмола облысындағы Қараөткел ауылына толықтай асфальт төсеген мердігер компания осындай көлемде оңбай қарызға батты. Бұл — жұмысшыларына төленбеген ақының сомасы. Өзінің жекеменшік техникасымен құм, асфальт тасыған тұрғындар жарты жылдан бері еңбекақыларын ала алмай, сандалып жүр. Тіпті, жұмыс уақытында істен шыққан жүк көліктеріне жауаптылар қосалқы бөлшек алып беруден бас тартқан. Ал, жолды төсеген мамандар ақшамызды талап етіп, қақпаған есігіміз қалмады, — деп ашынып отыр. Істетер жұмысын істетіп алып, ақшасын бермей зар илеткен кімдер? Бұл сауалға тілшіміз жауап іздеп, жалақысын ала алмай жүргендермен бірге бірқатар есікті қақты. Толығырақ келесі материалда.

X