Қызылорда облысында жөндеуден өткен мәдениет үйінің шатыры қатты желге шыдас бере алмай құлап қалды. Мекеме басшылығы мұны табиғаттың тосын мінезі десе тұрғындар сапасыз өткен жөндеу жұмыстары деп отыр. Жалағаш кентінде былтырғы жылдың қараша-желтоқсан айларында Қазантаев атындағы мәдениет үйінің шатыры толық ауыстырылған екен. Міне араға 3 ай салып жөндеуден өткен ғимараттың шатырының 200 шаршы метрі ұшып кетті.
Жөндеуден кейін: шатыр жалау құсап жалпылдады!
Дата: 30.03.2020