ЖҮРГІЗУШІЛЕР ЖЫЛАП ЖҮР
4 марта 2025
Несиені жабуға несие алдық! Қызылордада ауыр жүк көлік иелері 3 айдан бері еңбек ақыларын ала алмай отыр. «Жезқазған – Қызылорда» жолына қайта жаңғырту жұмыстарын ұтқан шетелдік компания қиыршық тас тасу жұмыстарына мердігерлерді жалдапты. Олар желтоқсан айынан бері жалпы соммасы 800-ден астам миллион теңгеге жұмыс істеген көрінеді. Жаңақорған, Шиелі аудандарынан тас тасыған жүргізушілер қып-қызыл шығынға баттық дейді. Себебі жұмыс беруші шетелдіктер әне-міне беремін деп ауыр көлік иелерін 3 ай жұмсағанымен бір тиын теңге ұстатпапты.