14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Жұрт ақша жинап, үй алып берген отбасының қатігездігі елді шошытты

Таразда үйі өртеніп, кейін қайырымды жандардың көмегімен жаңа баспанаға көшкен отбасының қатыгездігі жұртты шошытты. Олар ескі үйінің ауласында екі итті шынжырынан босатпай, аш күйінде қалдырып кеткен. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Ой ужас, смотрите, бедная собака! Моя ты хорошая! Моя ты солнышко!».

Төбеттердің әлсірегені соншалық олардың үруге де қауқарсыз күйінде табылды. Құр сүлдері қалған жануарларды еріктілер бірден қаңғыбас жануарларға арналған орталыққа апарыпты .

ИРИНА КЕЛЛЕР, «АҚТӨС» ҚАҢҒЫБАС ЖАНУАРЛАРҒА АРНАЛҒАН КӨМЕК ҚОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: «Біз шынжырларды шешіп жатқанда, иттер қолымызды жалап, саусақтарымызды тістеледі. Оларды бірден орталыққа әкеліп орналастырдық. Асқазандарына күш түспес үшін алдымен аздаған порциямен ботқа бердік. Иттердің бірі әбден қартайған. Жағдайлары орташа».

Ал өртенген үйдің бұрынғы қожайыны — екі баласы бар жесір әйел. Оның баспанасы қызыл жалын жалмағанда жергілікті кәсіпкер 9 миллион 20 мың теңгеге жаңа үй сатып әперген. Ал қаладағы мәдени орталықтар мен еріктілер жиһаз және тұрмыстық техникалармен қамтамасыз етіпті. Мемлекеттен 277 мың теңге көлемінде қаржылай көмек те берілген. Келіншектің сөзінше, қос төбетті сол учаскенің жаңа қожайыны қалдыруды өтінген. Бірақ балалары араға күн салып жануарларды тамақтандырып тұрған көрінеді.  

X