10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Жаңа көпірдің эскалаторы мен лифті істемейді

Аты бар да заты жоқ! Шымкентте жаңадан пайдалануға берілген көпірде лифт, ал жерасты өткелінде эскалатор жұмыс істемейді. Жергілікті бюджеттен қыруар қаржыға салынған нысанның игілігін осы күні зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар көре алмай отыр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Асанбай Асқаров атындағы дендросаябаққа баратын жерасты өткелінің бірі — міне, осы. Жаздыкүні жұрт көп арлы-берлі жүріп жатады. Ал, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мына бір қондырғы арқылы көтеріліп түсулері тиіс. Бірақ, мұның біршама уақыттан бері жұмыс істемей тұрғаны байқалады. Шаң басып кеткен. Тіпті, біздің өзіміз мұны қалай қолдану қажеттігін білмейміз. Әрбір кнопкасын басқанның өзінде де қимылсыз, жұмыс істемей тұр».

Бұл қондырғы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жерасты өткелінен жүріп тұруына таптырмас құрал. Жиналмалы етіп әдейі қолдан жасалған эсколатор бір жылдан бері істен шыққан. Құралдың қосалқы бөлшегі табылмай жатыр екен. Сондықтан, мамандар оны тоқтан ажыратып тастаған.

Тұрар Рысқұлов көшесінде орналасқан мына бір көпір осындағы жұрттың арлы-берлі өтуіне арнап салынған бірден-бір нысан. Өткелдің құрылысына 120 млн теңге жұмсалған екен сол уақытта. Зейнеткерлер мен жарымжан жандардың мініп түсуіне оңай болсын деген жобамен екі шетіне көтергіш механизмі орнатылған. Бірақ, есігі шынжырмен бекітіліп, қара құлып салынған. «Оның істеп тұрғанын байқамадық» дейді егде жастағылар.

БИБІСАРА ЕГЕМБЕРДИЕВА, ЗЕЙНЕТКЕР: «Ашылғанын көрген жоқпын. Істей ме, істемей ме білмеймін».

Таңертең ұрланып басталған әппақ қар айналаны ағартқандай болды. Сол-ақ екен көпір үсті адам жүре алмайтындай халге жетті. Жып-жылтыр плитаның беті көк мұздың үстінде жүргендей әсер қалдырады. Жұрт аяғын аңдып баспаса, құлап қалуы әбден мүмкін.

САМАЛ ҚҰЛЫНБАЙ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Басқа таймайтын плита қою керек қой, тем более биік. Баламен жүрсең ұшып түсесің мына жерден».

ЛӘЗЗАТ ӨСКЕНБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:» Өту өте қиын мысалға. Өзім аяғым ауыр. Әрең жүремін осы жерден. Өтпеске амалым жоқ. Ана жаққа барғаннан гөрі, осы жерден өту тиімді болып тұр маған, қазір жылдам баруым керек. Лифті істесе, жүдә жақсы болар еді».

Ал, ел арасында жаңа шаһар аталып кеткен мына өткел 4 жыл өткенде биыл ғана пайдалануға берілді. Жап-жаңа нысанның лифтісі істемей тұр. Осы маңда жұмыс істейтін коммуналдық қызмет өкілдері оның бірде істесе, енді бірде істемей тұрғанын айтады.

«Мен көргелі бері уже істемей қойды. Бір апта ма істеді нормально одан кейін істеген жоқ».

Жаңадан пайдалануға берілген өткелдің бірі міне осы. Жаңа шаһар ауданында. қазір лифтінің есігі ашық тұр. Көрейік, 2-ші қабатқа көтеріле ме, жоқ па?».

Есігі ашық болғанымен, лифті істемеді. Оны осы маңда тұратын азаматтар да растап отыр.

ДАНА БЕРДЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Мен өзім инвалидпін. Зорға шығамын, зорға түсемін мына жерден. Мына лифтінің істемей тұрғанына бір айдан асып кетті. Зорға шығамын, ентігіп».

Осы күні қалада 12 жаяу жүргіншілерге арналған өткел бар. Оның 6-уы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына, 2-уі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мекемесіне, ал, қалған 4-уі жекенің меншігіне қарайды екен. Сол 6 нысанды күтіп ұстау үшін биыл қазынадан 9 миллион теңгеге жуық қаржы бөлініпті.

ЕРУБАЙ ҚҰРАЛБАЕВ, ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: «18-ші микро районда да қолдан жасалған құрылғы. Оны бет алды ашып қойып, күндіз-түні пайдалану мүмкін емес. Күндізгі жұмыс уақытысында оған арнайы қызметшілер бекітілген. Яғни, келген мүгедек адам болсын, қарияларға қызмет көрсетеді».

Есігінде қара құлып салынып, оны шынжырмен бекітіп тастаған көтергіш қондырғысын мамандар істеп тұр деп шаң жуытпады. Олардың сөзінше,  егде жастағы кісілер мен жарымжан жандарды көпірге мінгізіп, түсіру үшін жауапты адам бекітілген екен. Бірақ, ол адамды сол маңда тұратын тұрғындар да көрмеген.

X