14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

МИНИСТРЛЕР АЙМАҚТАРДЫ АРАЛАУҒА ШЫҚТЫ

Министрлер Астанадағы жылы орнын суытып, аймақтарды аралауға шықты. Олар тұрғындармен жүздесіп, жаңа жәрдемақы кімдерге тиесілі, мемлекеттің әлеуметтік саясаты қалай жүзеге асырылып жатыр  егжей-тегжейін айтып түсіндіріп жатыр. Үкіметтің жаңа құрамы сапарды батыс өңірлерден бастады. Атырау, Орал, Ақтөбенің жұрты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне қандай сауалдарын қойды, денсаулық сақтау министрі өңірлердегі дәрігерлер жетіспеушілігі мәселесін қалай шешпекші? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Хал-жағдайды министрдің өзі сұрап келгенде, шыны керек, Атыраудың аудандық ауруханасында ем қабылдап жатқандар таңырқай қарасты. Министр Елжан Біртанов тұрғындардан медициналық қызметтің сапасы туралы сұрап білді. Аймақтағы басты мәселе- дәрігерлер жетіспейді екен. Соның ішінде педиатр, жалпы тәжірибелік дәрігерлер тапшы. Өткен жылы медакадемияны тәмамдаған 5 түлек келген. Биыл тағы бесеуін күтіп отыр. Бірақ, оның өзі аздық етеді.

ЕЛЖАН БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: «2011 жылы арнайы заң қабылданды. 2012 жылдан бастап грантқа түскен студенттер биыл бітіреді. Сол заң бойынша міндетті түрде 3 жыл мемлекет жіберген жерге барып жұмыс жасауы керек.   Бірақ, әрине жақсы дәрігер келуі үшін осы жергілікті басшылар, әкімдер әлеуметік жағдай жасауы керек».

Демек, енді Атырау облысы ғана емес, жалпы елімізде дәрігерден тапшылық болмауы тиіс. Ал ақ халаттылар ақшасына қызығып жеке клиникаларға кетіп қалмасы үшін министрлік медбикелердің, кіші қызметкерлердің және дәрігерлердің жалақысын өсіруді жоспарлап отыр екен.

ЕЛЖАН БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: «Өте маңызды тапсырма. Елбасы «Нұр Отан» съездінде берген. Ол — осы медициналық қызметкерлердің жалақысын көтеру. Осыған байланысты 1-шілдеден бастап 225 мыңнан астам медициналық қызметкерлердің жалақысы көтеріледі».

Министрлердің бұл сапарын- қайтадан жасақталған жаңа үкіметтің сөзден іске көшкенінің көрінісі десе болады. Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова ұстаздарға білім саласының жаңалықтары туралы түсіндірді. Ал еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевқа тұрғындар сауалдарын қарша боратты.

«Сіздердің доход санап, ал расход санамайтындарыңызды мен түсінер емеспін. Себебі, 150 мың зарплаттың 50 мыңын квартираға берсек, арғы жағында 6 баланың қыстық киімі, сабақ киімі- ешқандай көріп отырған жоқпын, мысалы! Шынымен де!»

Министрлер төтесінен қойылған сауал, айтылған мәселенің барлығын қойын дәптерлеріне түртіп алды. Міндетті түрде ескеруге уәдеоерін берді. Жергілікті жердегі мұндай жүздесу, диалог қай тарапқа да пайдалы деп тарасты жиналған жұрт.

X