ЖАҢА ТҮСКЕН КЕЛІН БІР АУЫЛДЫ БАНКРОТ ҚЫЛДЫ
22 мая 2025
Жаңа түскен келін бір ауылды банкрот қылды. Оның қалыңмалы мен мәхрін айтып тұрғам жоқ, басына орамал байлаған күннен бастап «алтынға инвестиция салыңыздар» деп елден ақша жинапты. Әр он күн сайын пайда көріп, үш айдан кейін ақшаға қарқ болатынына сенген жұрт жиған-тергенін жаппай жас келінге берген. Бірақ екі айдан бері елдімекен тұрғындарының көріп келе жатқаны пайда емес, полиция болды.







