3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Жаңа туған баласын 150 мың теңгеге сатты

Алматыда жаңа туған нәрестені сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды. Бауыр еті баласын саудаға салғандар өзбекстандық 39 жастағы жігіт пен 28 жастағы келіншек екен. Полицейлердің айтуынша, 2020 жылдың қараша айында ұл баланы босанып, 150 мың теңгеге Жамбыл облысының тумасына сатыпты. Алайда денсаулығына байланысты бүлдіршін 3 айдан кейін шетінеп кетіпті. Бірақ, бұл жұп осыған дейін де бір баласын қомақты қаржыға сатқаны анықталған. Қазір кәмелет жасына толмағандар саудасы бабы бойынша айып тағылып, күдіктілер қамауға алынған. Егер кінәләрі толығымен дәлелденетін болса, 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

X