9:25 Тікелей эфир «ПРОУЮТ»
10:25 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»

Жаңа туған сәбилерге Cайлау, Cайлаугүл, Cайлаубек деген есімдер берілуде

Елімізде кеше, сайлау өткен күні дүниеге келген сәбилердің кейбіріне Сайлау, Сайлаугүл және Сайлаубек деген есімдер қойылып жатыр. Мұндай дерек Алматы облысында кездесуде. 10 қаңтарда аталмыш өңірде 94 сәби туған, көбі — ұл бала. Ал Түркістан облысында 135 сәби жарық дүние есігін ашқан. Оның 63-і ұл болса, 72-і қыз бала. Өңірдің денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл көрсеткіш әдеттегіден екі есеге көп. Бұрын-соңды болмаған рекордтық жағдай екен. Осы күні жаңа босанған аналар мен сәбилердің денсаулықтары жақсы.

X