20:00 Тікелей эфир «АНАЛИТИКА»
20:45 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «РЕЦЕПТ ЛЮБВИ»

Жаңаөзенде тастанды сәби табылды

Жаңаөзенде жер үйдің ауласынан тастанды сәби табылды. Шақалақтың жылаған дауысын естіген «Рахат» шағын ауданы тұрғындары бірден жедел жәрдемге хабарласыпты. 31 градус температурамен ауруханаға жеткізілген нәрестенің кіндігі өрескел кесілген, дейді дәрігерлер. Баланың салмағы 2 келі 740 грамм және бойы 49 сантиметр. Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда нәресте қарқынды терапия палатасында. Жағдайы «тұрақты-ауыр» деп бағаланып отыр. Оған ылғалданған оттегі берілуде, өздігінен дем алады. Сәбидің қай жерде дүниеге келгені және қанша күндік екені белгісіз. Қазір полицейлер көкек ананы іздестіріп жатыр.

X