6:00 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
8:20 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Жаңадан құрылған қаржылық мониторинг агенттігі немен айналысады?

Елімізде жаңа агентік пайда болды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігін құру туралы Жарлыққа қол қойды. Мемлекеттік орган қылмыстық жолмен келген табысты заңдастыруға, терроризмді қаржыландыруға, экономикалық, қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы тұрады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Сондай-ақ, агенттікке тергеп-тексеру өкілеттілігі де берілмек. Агенттік тікелей Президентке бағынып, тек соған ғана есеп беретін болады. Ал Қаржылық мониторинг агенттігінің тқрағасы болып Жанат Элиманов тағайныдалды.  Ол бұған дейін Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетін басқарған. Айта кетейін, агенттіктің штаты жоғарыдағы комитет министрліктен бөлінгеннен кейін құралмақ.

X