Жабылған оқу орны студенттерге 50 млн қарыз
5 мая 2023
Қызылордадағы университет студенттерге білім емес, ақша қарыз болып шықты! Жеке жоғарғы оқу орнының қыз-жігіттері 50 миллион теңгеден астам ақшасын ала алмай әлек болып жүр. Өзге білім ордасына ауысқан жастар соның кесірінен емтиханға кіре алмай әлек. 5 мыңға жуық студент 5 айдан бері мұңға айналған мәселені біздің арнаға айтып берді.







