9:00 Тікелей эфир «ДОБРОЕ УТРО, КАЗАХСТАН!»
11:00 Эфирде әрі қарай «РУССКИЕ ГОРКИ». Семейная сага

Жалған вакцина паспортын дайындағандардың жазасы қандай?

Өзге елдер екпеге зәру болып жүргенде, біздегілер оны төгіп, рәсуә етуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, еліміздің үш өңірінде жалған вакцина паспортын әзірлеген дәрігерлер ұсталды. Олар келушілерге вирусқа қарсы вакцина салмай, бірақ салғандай сыңай танытып, қолдарына екпе алды деген жалған құжатты ұстатып келген. Ал құтыдағы препараттың өзін жойып отырған. Дәрігерлерден туристік компаниялар да қалысар емес. Алматыда қажыларға жалған вакцина паспорттарын дайындағандардың әрекеті әшкере болды. Сонда заңсыз қызметтің нарықтағы құны қанша? Әріптесім анықтап көрді.

X