ЖАРТЫ ЖОЛДА ҚАЛҒАН ЖҰМЫС

Таразда бүтін бір көпқабатты үйдің тұрғындары аяз түскенде жылусыз қаламыз ба деп жыларман! Олар төбеден аққан сумен алысатын түріміз бар деп елең — алаң. Өйткені қаланың қақ ортасындағы ғимараттың шатыры қирап, тесік құбырдан су сорғалап тұр. Тоз-тозы шыққан темірлер қақаған суықта сыр бермеуіне кім кепіл? Көктемде басталған күрделі жөндеу жұмыстары неге тоқтап қалды?

X