Жарылыстан 118 жылжымайтын мүлік бүлінген

Жамбыл облысында әскери бөлімдегі жарылыс кезінде үйлерінен үдере қашқан тұрғындар кешелі бері ауылдарына қайтып келіп жатыр. Алайда, көпшіліктің қорқынышы әлі басыла қойған жоқ. Әсіресе, кішкентай балалар кез келген қатты дауыстан шошып қалған. Қайнар, Жібек жолы мен Базарбай елдімекендері әскери бөлімге өте жақын орналасқандықтан, ондағы үйлер мен нысандар қатты бүлінген. Тұрғындар қираған есік-терезені қалпына келтіріп, шағылған терезелерді өз бетінше жаңалап қойыпты. Жұрт енді мемлекет тарапынан уәде етілген көмекті күтіп отыр.

X