ЖАСТАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ МҮМКІНДІК МОЛ
16 декабря 2024
Дарынды жастардың бәрі шекара асып кетіп жатқан жоқ. Керісінше, шетелде алған білімін, тәжірбиесін еліміздің даму жолында сарп етіп, қызмет істеп жүргендері жетерлік. Оның бір дәлелі 2019 жылдан бастап қолға алынған президенттік жастар кадр резерві жобасы. 400 жастың 150-ге жуығы түрлі бағдарламамен шетелде білім алса да, қазір елге оралып қызметтерін жалғастырып жүр. Бұл басшылық құрамның жаңа буыны.