Құжатта бар су мен газ, іс жүзінде жоқ болып шыққан
19 мая 2021
Тек құжат жүзінде бар су мен газ! Түркістан облысының тұрғындар тіршілІк нәрі мен көгілдір отынды күтуден шаштары ағарған. Салдарынан әлі күнге дейін тезек тасып, от жағып, лайқы суды ішуге мәжбүр. Осылай деген Үшқайық ауыл округінің жұрты өркенеиеттен жұрдаймыз дейді. Ал, жауапты шенділер бәз баяғы әдеті бойынша бүгін ертең барлық мәселені шешіп береміз деп келе жатқандарына бірнеше жыл болған.