Елімізде 100 мыңға жуық мемлекеттік қызметші бар. Президент қыркүйектегі жолдауында шенеуніктер тым көп деп, олардың санын азайтуды тапсырған еді. Әсіресе, министрліктердегі жауапты хатшылар институтын жою туралы пәрмен берген болатын. Міне, сол тапсырмадан кейін екі ай өтті. Он бес жауапты хатшының алтауы қызметінен кетті. Бірақ, бір жолата орнын босатса ғой. Олай емес. Алты маманның төртеуі министр орынбасары, өзгесі агенттік пен комитет басшылығына тағайындалды. Сонда не өзгерді? Қайсы үнем қайда?
Жауапты хатшылықтан кеткендер вице-министр болып тағайындалды
Дата: 29.10.2020