Жайық пен сырдарияның суы қайда?
21 октября 2021
Аралдың күйін Каспий, Сырдарияның күйін Жайық кешіп жатыр. Жағалай қонған диқандарды жылда түңілтіп келе жатқан Сырдың суы биыл, тіптен азайыпты. Енді оған батыстан бір проблема қосылды. Оралдың маңын ойып ағатын алып Каспийге атыраулатып барып құятын дарияның тартылғаны сонша, ортасынан жер көрінді. Мамандар бұлай жалғаса берсе ертең қыста өзендегі балықтар қырылуы мүмкін деп болжайды. Бастысы, теңіз ортасынан жаңадан пайда болған арал экологиялық апаттың дабылды белгісі ме? Суалған сулар мен өңіраралық саяси қарым-қатынастың арасында қандай да бір байланыс бар ма? Бұл сауалға тілшіміз мамандардан жауап алып, министрден бастап, құзырлы органдарды осы өзекті мәселеге назар аудартуға тырысты.