Ақтөбеде жедел жәрдем бекетінің жүргізушілері шу шығарды. Олар індет кезінде әкімдіктегілер тағайындаған үстемақыдан құр қалдық, дейді. Бастапқыда 100 мың теңге төлейміз деп уәде еткен. Ал қолымызға тигені тек 34 мың ғана деп отыр. Өмірін қауіпке тігіп, науқасқа бірінші жететін 103-тің бригадалары басшылықтың тіпті коронавирустан қорғанатын костюмдермен де толық қамтымағанын айтып, наразылығын білдірді. Бір рет киіп, лақтырып тастайтын қорғаныш киімдерін қайта жуып жамылып жүрміз, дейді.
Жедел жәрдем жүргізушілері үстемақыны толық алмаған
Дата: 15.05.2020