Енді, ақшаға көзі тоймайтын, реті келсе қазына қаржысын асап қалатын жемқорлар шетелге қаша алмайды. Өйткені, жымқырды деген күдікке іліккенге электрондық білезік тағылады. Тың дүниені Жемқорлыққа қарсы агенттік енгізіп отыр. Ондағылар «ноу-хау» кімді болса да «жіпсіз байламақ» дейді. Қош, сонымен, бұл білезіктің күші неде? Қанша жанға бүгінде тағылған? Құны қанша?
Жемқорларға электрондық білезік тағылады
Дата: 09.10.2020