Соңғы 30 жылда елімізде жемқорлықпен күрестің қандай әдісі қолданылмады десеңші. Заңды да қатаңдатты, парақорларды бас бостандығынан да бір кісідей айырды. Мемлекеттік қызметкерлерге табысы туралы есеп те тапсыртты. Ақыры соңында смайлмен плакаттар іліп те көрді. Бірақ, жеп қор болып жүргендер тиылатын емес. Қашанда креативімен көпшілікті таң қалдырудан жалықпайтын жемқорлыққа қарсы агенттік енді «антикор айтыс» деген жобаны көпшілікке ұсынды. Жас ақындар бұл індет жайында жырлап жатыр екен. Президенттің өзі қой дегенге құлақ аспай жүрген жемқорлар ақындар айтқанға тыйыла қоя ма екен?
Жемқорлықты онлайн айтыспен тыймақшы
Дата: 15.04.2020