3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Жер үшін жерлестер жаға жыртысып жатыр

Жамбыл облысында Сәду Шәкіров атындағы ауылдың тұрғындары төрт түлігін қораларында қамап бағуға мәжбүр. Өйткені, елдімекен маңындағы жер жекенің қолына өтіп кеткен. Сол аумаққа аяқ басқан мал атаулыны жер иесі ұстап алып, қожайындарына қайтармай қинайды екен. Ал жуырда кәсіпкер меншігіндегі жерді айналдыра екі метрлік ор қазып тастап, тірі жан өтпестей еткен. Жұртшылық осының бәріне ауылдың дәл іргесінен бизнесменге жер берген билік кінәлі деп ашуланып отыр. Ал жер иесі өз әрекетін заңды деп санайды.

X