3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

ЖЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ СЕНАТҚА ЖІБЕРІЛДІ

Жер шетелдіктерге сатылмайды! Мәжіліс бүгін соңғы уақытта қоғамның қызу талқысына түскен тақырыпқа қатысты заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, Сенаттың қарауына жіберді. Құжатты дайындау барысында Мемлекет басшысының заңнамалық бастамалары негізге алыныпты. Бұл заң жобасының негізгі мақсаты, шетелдік жер пайдаланушыларына және ауыл шаруашылық жерлерін жеке мақсатта пайдаланып жүрген қандастарымызға құқық беруге тыйым салу. Заң жобасы бұған дейін палатаның бірінші оқылымында 7 сәуірде мақұлданған еді. Ал, депутаттар құжатты қарап шығып, бірқатар түзетулер енгізген. Тақырыпты талқылау барысында жұмыс тобының 3 отырысы және 2 кеңейтілген жиын өткізіліпті.

X