Жерлеу құны – бір миллион теңге! Алматыда ақымын қазып, ақтық сапарға шығару үшін әкесінің құнын сұрайтындар көбейген сыңайлы. Себебі, соңғы екі аптаның ішінде 8 адам полицияға алдандық деп шағымданыпты. Жақынының жаназасын шығарып, жер қойнына тапсыруды ойлаған тұрғындар қиын жағдайда сұрағанын беріп, салттан жаңылмауға тырысып баққан. Кейіннен бұл қызмет үшін мұнша қаражат кетпейтіндігін аңғарыпты.
Жерлеу құны – бір миллион теңге!
Дата: 21.07.2020