3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Жеті жасар қызды ит талап өлтірді

Өскеменде ит талап өлтірген 7 жастағы қыздың анасы мәлімдеме жасады. Келіншек қайғылы оқиға болған күнді еске түсіріп, ойнауға кеткен қызынан көз жазып қалғанына күйінеді. Ең бастысы, қаралы ана баласының аяғын жұлып алғанын білген полицейлер оны іздеудің орнына тек бума-бума құжат толтырумен әлек болғанына налиды. Қағазбастылықтан қайыр болмасын түсінген ана көзінің жасын көл қылып, көшеден перзентінің аяғын өзі іздепті. Ақыры айдаладан тапқан. Жантүршігерлік жайттың жай-жапсарын тілшіміз келесі материалда айтып береді.

X